Түркістан облысында газ баллоны жарылып, 14 жастағы қыз күйіп қалған
Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылында газ баллоны жарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Редуктордың дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты газ-ауа қоспасының жарылған. Үйдің төбесі мен жиһазы жоғары температурадан жанып кетті. Осы уақытта жақын жерде 14 жасар қыз болып, күйік алған. Ол ауруханаға жатқызылды.
"Ордабасы аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне ауыр термиялық шокпен науқас жеткізілді. Жалпы жағдай ауыр. Қарқынды емдеу жүргізілуде, телекөпір арқылы балалар комбустиологының консультациясы өткізілді", – деп мәлімдеді Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді