Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында ер адам полиция қызметкеріне шабуыл жасады

Түркістан облысының Кентау қаласының тұрғыны учаскелік полицейге шабуыл жасады. Ол кезде ер адам мас болған. Шабуыл жасағаны үшін ол ұсталып, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

кісен

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мас адамға шағым Кентау кафесінен түскен. Куәгерлер ер адам өзін әдепсіз ұстағанын айтты. Оқиға орнына полиция лейтенанты Акулан Алдамжаров барған. Алайда, сөйлесуге тырысқан полицейге жауап ретінде, ер адам әдепсіз сөйлей бастаған, полиция қызметкерін бетінен ұрған.

"Билік өкіліне қатысты күш қолданған күдікті ұсталып, қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің "билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сараптама қорытындысына сәйкес, полицейдің денсаулығына жеңіл зиян келтірілген.

Күдікті әрекетін мойындады. Ол қамауға алынды. Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр", - делінген хабарламада.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 14 Желтоқсан, 2020 11:07
Талқылау