Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында ер адам өгей анасы мен әжесін аяусыз сабап тастаған

Түркістан облысында ер адам кейуана мен оның қызын аяусыз ұрып-соққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Тengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Түркістан облысында ер адам өгей анасы мен оның анасын аяусыз сабап тастаған

Оқиға 15 тамызда Келес ауданына орын алған. Егде жастағы екі әйел ауруханаға жеткізілген екен. 

«Оқиға орнына жеткен полицейлер Келес ауданының тұрғыны зардап шеккендердің үйіне кіріп, өгей анасы мен оның анасын соққыға жығып, қылмыс орнынан ізін суытқанын анықтады», - дейді полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер. 

Түркістан облысында ер адам өгей анасы мен оның анасын аяусыз сабап тастаған

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты ҚР ҚУ 107-бабы (Денсаулыққа қасақана орташа ауыр зиян келтіру) және 149-бабына (Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап, күдіктіні іздестіріп жатыр.

Талқылау