AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында енесінің атынан кредит рәсімдеп алған келіннің басы бәлеге қалды

Түркістан облысында енесінің атынан несие рәсімдеген келін ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz. порталына сілтеме жасап.

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне арызданған әйел белгісіз біреудің 250 мың теңгенің кредитің мойнына іліп кеткенін айтты.

Ол қарыздың бар екенін банк қызметкерлері хабарласқанда бірақ білген. Содан бірден полицияға арызданып, көмек сұрады.

Тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу шараларын бастады.

Ал жедел-іздестіру кезінде күдікті ұсталды. Ол арыз жазған әйелдің келіні болып шықты.

Ұсталған әйел ақшаны өз қажетіне жаратып үлгерген.

Қазіргі кезде жас келінге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Ондай алаяқтық үшін бірнеше жаза қарастырылған.

Олар:

1 000 АЕК (3 063 000 теңге) көлеміндегі айыппұл;

сол мөлшерде түзеу жұмыстары;

600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар;

екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу;

екі жылға дейін бас бостандығынан айыру;

Сот осы жазалардың біреуін қолданады.

Оған қоса, кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр