Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында емханаға келген адамдар мекемеге кіре алмай, қысылып қалған (видео)

Түркістан облысының емханаларының бірінде бір топ адам қатты қысылып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Желіде оқиғаға қатысты видео gulmir_ktk парақшасында таралды. 

Желіде бір топ адамның қысылу оқиғасы Түркістан облысы Келес ауданы Абай ауылында түсірілгені жазылған. Белгілі болғандай, мұндай жағдай күнделікті болып тұрады екен. Автордың айтуынша, ол қызына 086 формасындағы анықтама алуға барған, алайда тапталып кете жаздаған. 

Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасында жағдайға қатысты түсініктеме берді. 

“Абитуриенттердің көптеп келуіне байланысты барлық медициналық ұйымдарда карантин шараларының сақталуына қатысты уақытша кедергілер бар. Медұйымдар тарапынан тұрғындарға айтылған түсіндірмелерге қарамастан олар денсаулыққа бей-жай қарап, ережелерді бұзып жатыр”, – деді ведомствода. 

Видеоға қатысты Денсаулық басқармасы жағдайды бақылауға алатындарын айтты. 

“Бүгіннен бастап Келес ауданының құқық қорғау қызметкерлері тәртіп сақтап, адамдар көп жиналған жерлерді бақылайтын болады”, – деді Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасы. 

 

 

Назерке Мұса
Сәрсенбі, 14 Шілде, 2021 14:38
Талқылау