AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында екі бала шұңқыр суына батып кетті

Түркістан облысында екі бала шұңқыр суына батып кетті. Қайғылы оқиға Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Шалдар ауылынан 5 шақырым жерде болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Куәгерлердің айтуынша, оқушылар үнемі шұңқыр маңында ойнайтын. 2012 жылы туған бала шомылғысы келіп, суға секірген. Оның батып бара жатқанын көрген екінші бала көмекке жүгірген. Екеуі де өздігінен шыға алмай, суға батып кеткен. Бұл жағдай басқа балалардың көз алдында болған.



"Жасанды шұңқыр карьер суымен толыққан, ені 20 метр, ұзындығы 50 метр, тереңдігі 2 метр болады. Жергілікті тұрғындар 2012 жылы туған екі баланың денесін судан алып шықты. Олар шомылуға арналмаған жерде суға түскен. Балалар шамамен 17.30-да батып кеткен. Оқушыларды іздеуге төтенше жағдай департаментінің 4 қызметкері, 1 техникасы, полиция департаментінің 20 қызметкері және 6 техникасы, жергілікті тұрғындар, балалардың туыстары жұмылдырылды", - деді Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі өкілі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр