Түркістан облысында дәрігерлер жасөспірімнің асқазанынан салмағы 1 келі шаш алып шықты

Түркістан қалалық балалар ауруханасының дәрігерлері 15 жастағы қыздың асқазанынан салмағы 900 грамм болатын шаш түйінін алып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дәрігерлердің мәліметінше, жасөспірім шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Тексеру барысында асқазан қуысында ірі көлемді бөгде зат анықталған. Дәрігерлер шұғыл шешім қабылдап, күрделі хирургиялық ота жасады.
“Ота 2 сағат 50 минутқа созылды. Хирургиялық бригада, анестезиологтар және орта медицина қызметкерлері бірлесе жұмыс істеп, отаны сәтті аяқтады. Нәтижесінде науқастың асқазанынан салмағы 900 грамм болатын шаш түйіні алынды. Қазір науқастың жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында”, – делінген хабарламада.
Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайлар медицинада өте сирек кездеседі және дер кезінде көмек көрсетілмеген жағдайда ауыр асқынуларға әкеп соғуы мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда дәрігерлер 25 жастағы әйелдің асқазанынан бес жыл бойы жиналған бір бума шаш алып шыққаны хабарланған еді.
"18 жыл бойы несиесін өзім төледім": Ақтөбеде 72 жастағы зейнеткер жалғыз ұлымен үйді бөлісе алмай жүр