Түркістан облысында бір топ келіншек жолды жауып тастады
Түркістандағы Баян Ауыл шағын ауданының тұрғындары жиналып, жолды жауып тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.
Халық тек осындай шарадан кейін ғана жергілікті билік олардың коммуналдық мәселелеріне назар аударады деп санайды.
Өздеріне назар аудару үшін, әйелдер бүгін Түркістан-Қызылорда бағытындағы жолды жауып тастады. Олар шыдамдарының таусылғанын айтады.
Жергілікті билік жаңа жылға дейін газбен де, сапалы ауыз сумен де қамтамасыз етеміз деп бірнеше рет уәде еткен. Жергілікті билікке шағымдарын айтып жүгінген оларға жауапты адамдар 31 қарашаға дейін су да газ да болады деп уәде берген. Тұрғындар осы сөзге сеніп, көмір де алмаған.
Мәселені шешу үшін әкімдіктің бірнеше қызметкері келді.
"Ертең біз газды қосу жұмыстарын бастауды жоспарлап отырмыз. Суға келетін болсақ, желідегі апаттың салдарынан біз үйлерга су жалғап үлгермедік. Біз 20 күн ішінде қажеттінің барлығын жасап береміз", - дейді Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Керімжанов.
Баян ауыл шағынауданында мыңнан астам адам тұрады.