Түркістан облысында бір әулеттің 11 адамы суға кетті: Аман қалғандардың жағдайы белгілі болды
Түркістан облысында Сырдария суынан табылған 3 адам ауруханада жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дәрігерлердің айтуынша, баршасының жағдайылары жақсы. Қазір қажетті ем-домдарын алып жатыр.
"Оқиға күні судан құтқарылған үш адам ауруханаға жатқызылды. Олардың бірі 49 жаста болса, қалғаны 8 және 9 жастағы жасөспірім. Қазіргі таңда жағдайлары жақсы, бірқалыпты. Ал, одан бөлек, 2 жүкті әйел медициналық көмекке жүгінген. Олар суға түспеген, тек оқиғадан қорқып қалған. Дәрігерлердің қарауынан кейін үйлеріне қайтарылды" - делінген Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Еске сала кетейік, 21 тамыз күні сағат 17:40-та Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаментіне Отырар ауданы Көксарай елді мекеніндегі Сырдария өзенінің бойында 4 отбасыдан құралған 20 адам демалу барысында адамдардың суға кеткендігі туралы ақпарат түскен еді. Төтенше жағдай орын алған орынға келген кезде 20 демалушының 11-і суға батып кеткендігі анықталды.
Ал, кеше құтқарушылар Сырдария өзеніне батып кеткен 11-ші адамның денесі тапты.