Түркістан облысында банк қызметкері тұрғындардың атынан 21 миллион теңге несие рәсімдеген
Қазығұрт аудандық полициясына бір топ жергілікті тұрғындар хабарласып, олардың атына белгісіз біреу несие рәсімдегенін мәлімдеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Аталған факті "Алаяқтық" бабы бойынша тіркелді. Күдікті 31 жастағы ер адам болып шықты. ол банк қызметкері бола тұра клиенттердің құжаттарын пайдаланып, 70 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін несие рәсімдеген.
"Ер адам 47 адамды алдады деген күдікке ілінді. Келтірілген жалпы шығын шамамен 21 миллион теңгені құрады. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн