Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында әйел алаяқтық жолмен ер адамнан 900 мың теңге алған

Түркістан облысының полицейлері ер адамды алдап, 900 мың теңгесін алып кеткен әйелді ұстады. Алаяқ Өзбекстаннан жұмысшылар тауып беруге уәде берген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Ордабасы ауданының тұрғыны Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесіне шағымданған. Оның айтуынша, танысы оған Өзбекстаннан жұмысшылар тауып беруге уәде беріп, 900 мың теңге көлемінде ақшасын алған. Аталған факті қылмыстық кодекстің "алаяқтық" бабы бойынша тіркеуге алынды. 

Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер Сарыағаш ауданында тұратын әйелді қолға түсірді. 

Алаяқ пен зардап шегуші медреседе танысқан болып шықты. Сонда ауыл тұрғыны көрші елден жұмысшылар шақыра алатын адам бар ма деп сұраған. Күдікті көмек көрсетуге уәде беріп, ер адамнан ірі көлемде ақша алған.  

STAN.KZ
Сейсенбі, 31 Мамыр, 2022 14:02
Талқылау