Түркістан облысында аудан әкімінің орынбасары пара алды деген күдікке ілінді
Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түлкібас ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сыбайласы арқылы құрылыс компаниясының директорынан 4 миллион теңге көлемінде пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", - делінген хабарламада.
Ведомство күдіктілердің ұсталып, Түркістан қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғанын түсіндірді. Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етілмейді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”