Түркістан облысында аудан әкімі төтенше жағдай кезінде саунада сауық құрған
Әлеуметтік желіде Түркістан облысы Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай саунада жүргені түсірілген видео тарауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Қазақстандағы төтенше жағдайға қарамастан аудан әкімі саунада демалуды жөн көріпті. Видеода шенеуніктің жанында аудан әкімдігінің басқа да лауазымды тұлғалары бар көрінеді. Бейнежазба 15 сәуірде түсірілген көрінеді. Ең қызығы, сауна сүюшілер ол жаққа қызметтік көлікпен барыпты.
Қазіргі таңда облысы басшылығы аталған жайт бойынша пікір білдірмепті.
Жергілікті ПД өкілдерінің мәліметінше, тәртіп сақшылары саунаға теріс діни ағым өкілдері жиналуда дегеннен кейін барыпты. Ал сауық құрған шенеуніктердің әрекетінде карантинді бұзу жоқ депті.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде саунада сауық құрған шенділердің видеосы тараған болатын.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”