Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында аңдар кеміріп тастаған әйелдің мәйіті табылды: Күдіктілер ұсталды

Түркістан облысында пайдакүнемдік мақсатта ауыр қылмыс жасаған екі күдікті ұсталды. Олар бұған дейін де істі болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарт агенттігі.

кісен

Қыркүйек айының басында Мақтаарал ауданының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын жүгінген. Оның айтуынша, жұмыстан кейін үйге оралмаған әпкесі хабар-ошарсыз кеткен. Полицейлер анықтағандай, жас әйел дүкенде сатушы болып жұмыс істеген, ұл тәрбиелеп отырған, отбасында жанжал болмаған.

Полиция бірден жоғалған адамды іздеуге кірісті. Оны іздеуге Мақтаарал АПБ-нің барлық жеке құрамы кірді, барлық полиция бөлімшелеріне хабар-ошарсыз кеткен адамдардың белгілері бар бағыт-бағдар берілді. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы аумақтарды аралап, туыстары мен куәгерлерімен сұхбаттасып, оның таныстарының шеңберін, сондай-ақ бейнебақылау камераларын тексерді.

"Үш аптадан кейін жергілікті су арналарының бірінен полиция белгісіз әйелдің мәйіті мен киімін тапты. Алдын ала тексеру кезінде жабайы аңдар кеміріп кеткен мәйітті және өлімнің себебін анықтау мүмкін болмады. Жедел уәкілдер және криминалистер жәбірленушінің жеке басын анықтау үшін мұқият жұмыс істеді. Полицейлер мәйіттің бүлінбеген бөлігін тауып, айғақтарды сараптамаға жібере алды. Сараптама қорытындысына сәйкес, жедел уәкілдер мәйіт із-түзсіз жоғалған Мақтаарал ауданының тұрғынына тиесілі деген қорытындыға келді", - деп хабарлады Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осыдан кейін қылмыстық іс "кісі өлтіру" бабы бойынша қайта сараланды. Ауыр қылмысты ашу мақсатында полицияның неғұрлым тәжірибелі қызметкерлерінен тұратын жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері кісі өліміне қатысты күдіктілерді анықтады. Олар бұрын төлем терминалдарынан бірнеше ұрлық жасағаны үшін ұсталған екі жергілікті тұрғын болып шықты. Жастар бұл әрекетін толық мойындады. 

"Тергеу күдіктілердің пайдакүнемдік мақсатта ауыр қылмыс жасағанын анықтады. Олар жас әйелге шабуыл жасап, буындырған, содан кейін оған пышақ жарақатын салған. Содан кейін олар 300 мың теңге алып, қылмыс орнынан қашып кеткен. Күдіктілер ұрланған ақшаның бір бөлігін өз қажеттіліктеріне жұмсаған", - деп толықтырды департаментте.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заттай дәлелдемелер ретінде жәбірленушінің заттары, ұрланған мүліктің бір бөлігі және күдіктілердің автокөлігі тәркіленді. Сот шешімімен күдіктілер екі айға қамауға алынды. Сараптама тағайындалды. Полиция қызметкерлері қылмыстың барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр