Түркістан облысында әкімнің бір ауыз сөзіне ашуланған тұрғындар шу шығарды
Түркістан облысында әкімнің бір ауыз сөзі жүзге тарта адамның ашуын туғызды. Наурыз айында құрылғалы жатқан Сауран ауданының орталығы, Шорнақ ауылының әкімі ауылдағы мектеп-интернатты әкімдік ғимараты ретінде алынатынын айтқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.
Ал сондағы педагогтар мен оқушылар жан-жаққа жіберіледі дегенді естіген ата-аналар мен мұғалімдер наразылыққа шықты.
"Мен жесір әйелмін. Барып келетін көлігіміз жоқ. Бала-шағам осы жерде оқиды. Тек жетімдер осы жерден бітіріп кетті. Көлігіміз жоқ қой, сосын ауылда мектеп те жоқ. Айдалада 5-6-ақ үй. Жабылмасын дейміз", - деді ата-ана Нұржамал Қарсаңова.
Шорнақ ауылында үш орта мектеппен жалғыз мектеп-интернаты бар. Қарапайым білім ошағына онсыз да бала сыймайды екен. Ал интернатта негізінен шалғайда тұратын малшылардың балалары мен жетімдер жатып оқиды. Егер оқу ғимаратын әкімдік тартып алса, 370-тен астам бала жан-жаққа таратылып, мектеп-интернаттың 130-дан астам қызметкері жұмыссыз қалады.
Алайда Кентау қаласының билігі мұндай талап қоймадық, сондықтан мектепті жабуға негіз жоқ деп отыр. Шорнақ әкімі болса интернат жабылсын деген ұсыныс бермегенін айтты.
"Шорнақ елді мекеніндегі, жалпы 3 елді мекен ғой, сол жердегі барлық мекемелерді, сосын жекеменшік кәсіпкерлік нысандарда, соларды түгендеп бер деген, техникалық жоспары бар, мемактілері бар, көлемін өлшеп. Қаржы басқармасынан ұсыныс жазып беріңіздер деді. Бізде осындай нысандар бар деген, болды, басқа ештеңе жоқ. Мен осы мектепті, осы интернатты жабылсын деген ұсыныс берген жоқпы", - деді Шорнақ ауылының әкімі Ділмұхан Сүлейменов.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
