Түркістан облысында 9-сыныпта оқитын қызды пышақтап, суару арнасына тастаған тағы бір күдікті ұсталды
Түркістан облысының полицейлері суару каналынан мәйіті табылған қыз туралы тағы да тың деректер жариялады. Аталған оқиғаға қатысы бар деген тағы бір 11-сынып оқушысы ұсталып, қамауға алынды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Аталған оқиғаға қатысы бар деген екінші күдікті жігіттің жеке басы анықталып, қамауға алынды. Ол жергілікті тұрғын, тағы бір 11 сынып оқушысы болып шықты.
Күдіктілер өз кінәсін мойындап, қылмыстық әрекетті қалай жасағандарын оқиға орнында нақтылап көрсетті.
“Бүгінгі таңда екі жігіт қамауда. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі “Адам өлтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Тергеу барысында оқиғаның толық мән-жайы анықталатын болады. Тергеу ісі Түркістан облысы ПД басшылығының жіті бақылауында”,- делінген хабарламады
Еске салсақ, Ордабасы ауданында кеудесіне пышақ жарақаты салынған 9 сынып оқушысының мәйіті суару арнасынан табылған болатын. Оны өлтірді деген күдікпен 11-сынып оқушысы ұсталған еді. Енді тағы бір күдікті қамауға алынды.