Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында 8-сынып оқушысын зорлаған өзбекстандық өмір бойына сотталды

Видеодан скрин

Түркістан облысының Келес ауданында 8-сынып оқушысын зорлаған Өзбекстан азаматы өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жантүршігерлік оқиға ауылдық жерде болған. 37 жастағы ер адам туысына қонаққа келіп, көрші үйдің жасөспірім қызын зорлаған. 

Қыздың анасы баласының зорлық көргенін тек жүктілік кезінде білген. Осыдан кейін бірден құқық қорғау органдарына жүгінген.

Күдіктінің шетел азаматы, екі баланың әкесі анықталды. Ол сот барысында өз кінәсін мойындамаған. Дегенмен, тергеу барысында барлық дәлелдер жиналып, оның айыбы толық дәлелденді.

Сот шешімі бойынша, сотталушы жазасын айрықша режимдегі түзеу колониясында өтейді.

Еске салсақ, 2025 жылдың наурызында Түркістан облысында 8-сынып оқушысы 37 жастағы ер адам жүкті болып қалғаны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 28 Тамыз, 2025 23:04
Талқылау