Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында 8-сынып оқушысы 7 жастағы қызға азғындық жасағаны үшін 10 жылға сотталды

Түркістан облысында 8-сынып оқушысы 7 жастағы қызға азғындық жасағаны үшін 10 жылға сотталды

Фото: pixabay.com

Түркістан облысында 8-сынып оқушысы 7 жастағы қызға азғындық жасағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға биыл жазда Бәйдібек ауданында болған еді. Қошқарата ауылындағы 14 жастағы жеткіншек 1-сынып оқушысын алдап көпір астына алып барған. Сөйтіп ауылдасына ойына келгенін істеген. Қыздың зорлағанын білген жақындары бірден полицияға арызданып, ақыры алыстан келмеген жау құрықталған.

Сотта күдікті өз кінәсін мойындамаған. Алайда, сот медициналық сараптама нәтижесінде бүлдіршінді қорлағаны толықтай дәлелденген. Енді ол 10 жылын темір торда өткізіп, 8 млн теңге моральдық шығын өтеуі керек.


"Қолын тіліп, жазу жазған": Ақтауда жасөспірімдер оқушы қызды қорлап, зорлады деп айыпталды


“Басты сот талқылауында сотталушы тарап яғни кәмелетке толмаған сотталушы және оның заңды өкілі жәбірленуші тараптан ешқандай кешірім сұраған жоқ. Аталған сотталушының кәмелетке толмаған азаматтың кінәсі іс-құжаттарына тіркелген материалдармен, куәгерлердің көрсетулерімен, сарапшылардың қорытындыларымен және өзінің ішінара мойындауымен толықтай дәлелденді. Сот үкімімен кәмелетке толмаған С деген азамат кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айрылды", – дейді Түркістан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Марат Күздеубаев.

Еске салсақ, Түркістан облысында студент қызды жол бойында зорлап өлтірген мигрант өмір бойына сотталғанын жазғанбыз. 

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 24 Желтоқсан, 2025 22:25