Түркістан облысындағы Арыс өзенінде 4 жасар қыз ағып кетті
Түркістан облысында 4 жасар қыз Арыс өзеніне құлап кетті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz сайтының хабарлауынша, Түркістан облысының полицейлері жоғалған қызды іздеуге жұмылдырылды.
"17 наурыз күні үш кәмелет жасына толмаған туысқан қыздар Еңбек ауылының маңындағы Арыс өзеніне барған. Алдын ала болжам бойынша, қыздардың бірі өзеннен өтпекші болып, абайсызда жағадан суға құлап кеткен. Сөйтіп судың ағыны оны алып кеткен. Қызды іздеуге Түлкібас аудандық полиция бөлімінің толық жеке құрамы мен аудандық прокуратура, ТЖМ-нің қызметкерлері, 30 ерікті жұмылдырылды. Қазіргі уақытта қызды іздеу жұмыстары жан-жақты жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – делінген хабарламада.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан