Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Туған 3 жасар қызын зорлап, кейін өлтіріп тастаған: Түркістан облысында ер адам өмір бойына сотталды

Түркістан облысында өз қызын өлтіріп, зорлады деп айыпталған азамат өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы берілді.

Түркістан облысында 3 жасар қызын зорлап өлтірген ер адамға сот үкімі шықты

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ордабасы ауданы, Боржар ауылының Бадам ауылдық округінің 1972 жылы туған тұрғыны Серік Р-ға қатысты сот үкімі жарияланды. Ол аяусыз зорлау және өзінің жас қызын өлтірді деп  танылды. Сот оны өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Оtyrar.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Еске салайық, Рахимбердиев Серік өткен жылдың қазан айында мас күйінде 3 жасар қызын зорлап, өлтірген болатын. Ол балаға 38 пышақ жарақатын салған. Олардың әрқайсысы бала өмірі үшін қауіпті болды.

Сотталушы кісі өлтірген кінәсін ғана мойындады.

Жан-жақты психиатриялық комиссия сотталушының дені сау, ешқандай ауытқушылыққа ұшырамайды және өз әрекеттері үшін жауап беруге қабілетті деген қорытындыға келді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Сотталушы үкімге шағымданбақшы.

Талқылау