Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында 23 жастағы келіншек үшемді дүниеге әкелді

Түркістан облысы Сайрам ауданында 23 жастағы келіншек үшемді дүниеге әкелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жаңа туған нәрестелерге Райана, Разия, Райхана есімдері берілді. Нәрестелердің салмағы - 2 келі шамасында.

Мерзімінен ерте туылған үшемдер перинатальдық орталық дәрігерлердің бақылауына алынған. Медицина қызметкерлері тиісті ем-шаралардан кейін балалардың жағдайы қазір қанағаттанарлық, ана сүтін де дұрыс емеді дейді. Үшемдер бүгін перзентханадан шығарылды.

Жас ана мен сәбилерді туған-туыстары перзентхана алдында әндете, гүл шоқтарымен күтіп алды. Айта кетейік, бұл жыл басынан бері  облыста дүниеге келген екінші үшем.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 14 Маусым, 2022 18:13
Талқылау