Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында 15 жастағы қыз 71 жастағы туысынан босанған: Ауыл тұрғындары оның отбасын көшіруді талап етуде

Фото: istockphoto.com

Түркістан облысында 15 жастағы қызға азғындық жасады деген күдікпен 71 жастағы ер адам қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде тараған ақпаратта жасөспірімге қорлық көрсетті деген ер адам қыздың ағайын атасы екені айтылған. Жасөспірімнің зәбір көргенін ата-анасы қыздарының жүктілігінің жетінші айында бір-ақ білген.

Оқиға Түркістан облысының Келес ауданында болған. Туысынан қорлық көрді деген жасөспірім биыл ақпан айында босаныпты. Басынан өткенімен ата-анасына бөлісе алмаған. Жақындары жағдайды жүктілігінің жеті айында бір-ақ білдік дейді. Күдікті – көрші үйде тұратын жетпіс жастан асқан туысы. Немере бағып отырған қария өз кінәсін толық мойындаған.


"Жол көрсетемін деп алдаған": 8 жасар қызды зорлап өлтірген қазақстандық өмір бойына сотталды

Жамбыл облысында ерлі-зайыпты достарының 15 жастағы қызын зорлады деп айыпталды


Қазір бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

“Келес ауданы тұрғынының кәмелетке толмаған қызына қатысты жасалған заңға қайшы әрекеттері бойынша жазған арызына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажет жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесімен тиісті процессуалдық шешім қабылданады. Қылмыстық істің тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды”, – деп хабарлады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Сұмдық жайтты естіген ауыл тұрғындары бас көтеріп, күдіктінің отбасы көшсін деп талап етіп отыр.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде 14 жастағы қызды зорлады деп айыпталған зейнеткерді өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұрғаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 20 Қазан, 2025 21:44