Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында 1 жасар бала қолын еттартқышқа салып ауыр жарақат алды

бала қолын еттартқышқа салып ауыр жарақат алдыФото: pixabay.com

Түркістан облысында 1 жасар бала қолын еттартқышқа салып ауыр жарақат алды. Дәрігерлерге оның оң қолын шынтақтан төмен ампутациялауға тура келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға 8 қыркүйек күні Төле би ауданы, Көксәйек ауылында болған.

Сәби ес-түссіз, көп қан жоғалтқан күйде Облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

“Ата-анасы банка жауып жатқанда, еттартқышқа қолын салып жіберген. Құрал оның қолын тартып кеткен. Сәбиді бізге күндізгі кезекшілік кезінде әкелді. Біз оны жедел түрде жансақтау бөліміне жатқыздық. Біз ота жасадық, алайда оның қолын тұтас сақтап қала алмадық”, – деді дәрігер Ержан Шәріпов.

Дәрігерлердің айтуынша, бала қазір жансақтау бөлімінен ауыстырылған. Алайда оның жағдайы әзірге тұрақты ауыр болып отыр. Дәрігерлер оның қолын шынтақтан төмен ампутациялауға мәжбүр болған.



Ал дәрігерлерге осы оқиғада Төтенше жағдайлар қызметкерлері көмектескен. Алдымен олар баланың қолын еттартқыштан босатқан. 

“Дәрігерлер баланың қолын еттартқыштан өз беттерінше ала алмады. Сол себепті құтқарушылардың көмегіне жүгінді. Бұл дәрігерлердің қатысуымен болды. Балаға наркоз беріліп, қолын құралдан босатты”, – деді Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті.

Бала қазір есін жинаған. Ата-анасының қарауында.

Гүлсезім Мұхатай
Бейсенбі, 11 Қыркүйек, 2025 11:55
Талқылау