Түркістан облысында үж жасар қыз бала өзенге батып кетті
Түркістан облысы, Түлкібас ауданында 3 жасар бүлдіршін Арыс өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Шымкент қалалық ТЖ департаменті мәлімдеді.
Қайғылы оқиға Арыс ауылдық округінің Керейіт ауылында орын алған. Кәмелетке толмаған ағаларымен бірге балық аулауға барған бүлдіршін өзенге құлап кеткен.
Жергілікті тұрғындар өз күштерімен іздестіру жұмыстарын жүргізген. Алайда қыздың суға кеткен денесін табу мүмкін болмапты. Шымкенткен келген құтқарушылар бүлдіршіннің мәйітін бір күннен кейін судан алып шығыпты.
"Оқиға орнына 6 құтқарушы арнайы техника мен жүзу құралымен жеткен. Сүңгуір-іздеу тобы кешкі сағат 17: 34-те ауылға келіп,баланы іздеуге кіріскен. 18 мамыр күні күндізгі сағат 12:07-де бүлдіршіннің денесі болжамды оқиға орнынан 1,5 шақырым қашықтықта көпірдің астынан табылған", - делінген ресми хабарламада.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн