Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысы Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз кіріп кеткен шетелдік ұсталды

Сарыағаш АПБ-ның полиция қызметкерлері аудан аумағындағы шетелдіктердің тиісті құқық тәртібін қамтамасыз ету, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, оған қоса заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау, Қазақстан Республикасы аумағына келу, болу, кету ережелерін сақтау мақсатында жедел-профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп отырады. 

Осындай шара барысында Сарыағаш ауданы Жемісті ауылына қарасты "Бағыс"  айналма тас жолы арқылы ҚР-ның аумағына заңсыз кіріп кеткен 1 Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 392-бабы "Қазақстан Республикасының  Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту" бойынша СДТБТ-ға тіркеді. 

Полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел-профилактикалық шараларының нәтижесінде аталған азаматтың  жұмыс жасау мақсатында жүргені анықталып, Сарыағаш АПБ-ға жеткізілді. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары  жүргізілуде.   

Түркістан облысының полицейлері көші-қон заңдылықтарын қатаң сақтауға шақырады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында жазылған талаптарға қатысты құқықбұзушылық орын алған жағдайда жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді! 
 

Талқылау