Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысы ең жоғарғы инвестиция өсімін көрсетті

Өңірлерде инвестиция өсімі байқалатынын Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.

«Жалпы алғанда, инвестициялардың өсуі 3,1 пайызды құрады. 7 өңірде өсу 20 пайыздан 76 пайыз аралығында болды. Ең жоғары өсуді Шығыс Қазақстан облысы көрсетті – 1,8 есе деңгейінде. 3 пайыздан төмен өсу 6 өңірде байқалды, оның ішінде 4 өңір бойынша төмендеу тіркелді», - деді министр. Оның сөзіне қарағанда, экономиканың базалық салалары арасында ең жоғары өсу құрылыс секторында байқалды. Бұл көрсеткіш 12,5 пайызды құрап отыр.

Ең жоғары өсуді Түркістан облысы көрсетті – 80%. Бұл Түркістан қаласын облыс орталығы ретінде дамытудың белсенді жүргізіліп жатқанын көрсетеді. 5 пайыздан жоғары өсуге 6 өңір қол жеткізді. Ал 8 өңірде төмендеу тіркелді.

Сондай-ақ, министр қаңтарда 732 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін атап өтті. Нұр-Сұлтан (117 мың шаршы метр), Алматы (84 мың шаршы метр) қалаларында және Маңғыстау облысында (85 мың шаршы метр).


 

STAN.KZ
Сейсенбі, 11 Ақпан, 2020 10:35
Талқылау