Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелі полицияға арыз жазған: Түркістан облысында өз балаларын соққыға жыққан ер адам ұсталды

Түркістан облысында полиция өз балаларын ұрған ер адамды қамауға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері белгісіз ер адамның кәмелетке толмаған баланы ұрып-соғып жатқан бейнежазбасын анықтады. Тексеру барысында оқиғаның Қазығұрт ауданында болғаны айқындалды. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 110-бабы бойынша тіркеді. Күдікті азамат заңды түрде жауапқа тартылатын болады. Сонымен қатар, аудандық учаскелік полиция инспекторына қатысты қызметтік тексеру жүргізген. Сол күні күдіктінің әйелі полиция бөліміне өзінің балаларын күйеуі ұрғаны туралы арызбен жүгінген. Полиция ер адамды ұстады.

Полицияның хабарлауынша, ерлі-зайыптылар 2011 жылдан бері үйленген. Олардың ортақ үш баласы бар.

"Бұған дейін, 2018 жылы әйел полицияға күйеуінің ұрғаны туралы ауызша жүгінген, бірақ арыз жазудан бас тартқан. 2019 жылдың сәуірінде ол тағы да дене жарақаты фактісі бойынша полицияға жүгінген. Алайда медиация тәртібімен әкімшілік іс жүргізу оның күйеуін кешіруіне байланысты тоқтатылды. Содан кейін жұбайы жауапкершіліктен тағы құтылып кеткен. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Ер адам қамауға алынды", - дейді полиция.

Еске салсақ, Түркістан облысында балаларын аяусыз ұрып соғып жатқан ер азаматтың әрекетті жұртты шошытты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр