Түркістанға ерекше мәртебе беріліп, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңына биік ғимарат салуға тыйым салынбақ
18 желтоқсанда мәжілістің жалпы отырысында Түркістан қаласына ерекше мәртебе беруді көздейтін заң жобасы қаралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Заң жобасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 27 қыркүйекте Түркістан облысына сапарының қорытындылары бойынша берген тапсырмасын орындау аясында әзірленген.
Заң жобасында келесі өзгерістер қаралған:
- Түркістан қаласына ерекше мәртебе берудің негізгі мақсаттарын, міндеттері мен қағидаттарын айқындау;
- Түркістан қаласының аумағында тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғауды қамтамасыз ету;
- Орталық мемлекеттік органдар, сондай-ақ Түркістан қаласының жергілікті өкілді және атқарушы органдары өкілеттіктерінің аражігін ажырату және жаңа өкілеттіктер беру;
- Ұлттық қолөнер саласындағы шеберлер үшін жергілікті бюджеттен шығындардың бір бөлігін өтеу;
- Сәулет, құрылыс және қала құрылысы қызметін нормативтік реттеу және тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қорғау көзделген;
- Тарихи-мәдени мұраның неғұрлым осал бөліктері болып табылатын археология ескерткіштерінің сақталуын, тұтастығын және түпнұсқалығын қамтамасыз ету үшін "резерват" ұғымын енгізу бойынша.
“Заң жобасы жұмыс тобының 5 отырыстарында, Комитеттің кеңейтілген отырысында жан-жақты талқыланды. Депутаттардан 49 ұсыныс келіп түсті. Жұмыс тобы барлық ұсынысты белсенді талқылап жатыр. Сондай-ақ заң жобасының негізгі ережелерін Түркістан қаласында халықпен талқылау бойынша жұмыс тобының көшпелі отырысы өткізілді. Айтарлықтай, жұрт бұл заң жобаларын толыққанды қолдап, қабылдануын күтіп отыр”, – делінген баяндамада.
Депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Талқылау