Түркістанда әкімдік ғимаратын бюджет қаржысына жөндеп, қонақүй жасау үшін сатып жіберген
Түркістандағы әкімдік ғимараты дау тудырды. Алғашында толыққанды жөндеу жұмыстарынан өткен нысан сатылып кеткен. Ең қызығы, жаңартылған ғимарат енді қонақүйге айнламақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.
Үш жыл бұрын жергілікті билік әкімдік ғимаратын жөндеуден өткізіп, одан кейін сатуды ұйғарған. Олар осылайша қала қазынасын толтырып, облыс орталығына инвесторларды тартпақшы болыпты. Жөндеу жұмыстарына 257 миллион теңге жұмсалса, ғимарат 313 миллион теңгеге сатылыпты. Нысанды иеленген әйел оны қонақүйге айналдыруды жөн көрген. Десек те ғимараттың арзанға сатылуы прокурорлардың күдігін тудырған.
Түркістанда көгалдарды жасыл түске бояды: Қала әкімдігі желіде тараған видеоға түсініктеме берді
"Ғимаратты жекешелендіру кезінде бірқатар заң бұзушылықтар анықталды. Мысалы, бағалауды жүргізген компания тапсырманы дұрыс орындамаған. Бағалаушы өз баяндамасында ғимараттың ішкі әрленуі, едендері мен есік есіктері жетіспейтінін көрсетті. Нәтижесінде ғимараттың бір шаршы метрінің құны орта есеппен 29, 17%-ға төмен бағаланған", - деді қалалық прокуратураның қызметкері Нарбек Мықтыбаев.
Сот сараптамасы жөндеуге кеткен қаражат ескерілмегеннің өзінде ғимараттың нақты құны 438 миллион теңгені құрайтынын анықтаған. Ал сауда келісімшартын жарамсыз деп тану үшін прокурорлар сотқа жүгініп, істі жеңіп алыпты. Қазір мамандар қала қазынасына түсетін пайданы ұмытып, бағаны кім және неге сонша төмендеткенін анықтап жатыр.
"Бұл ғимарат туралы электронды аукционнан білдік. Алдымен баға жоғары болды, бірақ бірнеше айдан кейін төмендеп кетті. Осылайша біз нысанды сатып алуды жөн көрдік. Мен сот шешімімен келіспеймін. Мен заңсыз ешнәрсе жасаған жоқпын. Менде осы нысанға арналған барлық құжаттар бар. Біз міндетті түрде шағымданамыз", - дейді кәсіпкер Күлбибі Бектасова.
Әкімдіктігілер де өзі сот шешімімен келіспейтінін жеткізді. Қала басшысы сатылым заңды түрде жүргізілгеніне сенімді. Ол ғимарат бағасының төмен болуы оның бастапқы күйімен және жасымен байланысты айтады: нысанның салынғанына 46 жыл болыпты.
"Түркістанда саммит өтетіндіктен және қалада қонақүйлер аз болғандықтан, облыс әкімдігі бізге туристерге арналған орындардың санын көбейтуді тапсырды. Сондықтан біз ғимаратты сатылымға шығаруды жөн көрдік. Біз апелляциялық шағым жолдадық, енді оның нәтижесін күтудеміз", - деді Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов.
Қазір 10 жылға жуық уақыт тарихи-мәдени орталық ретінде тұрған ғимарат қалалық әкімдік қызметкерлерінің кеңсесіне айналыпты.