AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркіменстанның жаңа президенті үкіметті отставкаға жіберді

Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов ескі министрлер кабинетін отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа түркімен басшысы бұл туралы президентті ұлықтау рәсімі мен құрметті қарауыл жауынгерлері мен әскери бөлімдердің шеруі аяқталғаннан кейін мәлімдеді.

"Нейтральный Туркменистан" газетінің хабарлауынша,  Президент Сердар Бердімұхамедов шеруден кейін жоғары мемлекеттік лауазымдағы міндеттерін орындау үшін "Оғызхан" сарай кешеніне кеткен.

"Түркіменстан Конституциясына сәйкес Мемлекет басшысы Үкімет мүшелерінің өкілеттіктерін толық құрамда тоқтату туралы Қаулыға қол қойды, оларға министрлер кабинетінің жаңа құрамы құрылғанға дейін өз міндеттерін орындауды жалғастыруды бұйырды", - деп атап өтті басылым.

Түркіменстан Президентінің кезектен тыс сайлауы 12 наурызда өтті. Президенттікке 9 саяси тұлға үміткер болды. Сайлауда вице-премьер Сердар Бердімұхамедов жеңді, ол сайлаушылардың 72,97 пайызын жинады. Түркіменстандағы Президент жеті жылға сайланады және ант берген сәттен бастап қызметіне кіріседі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр