Түркіменстанда арнайы қызмет аттестат тапсыру күні үздік оқушылардың білімін тексеріп, мектеп басшысын ұстады

Фото: Pixabay.com
Түркіменстанда аттестат табыстау күнінде ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері мектептердің біріне келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Байрамалы қаласындағы оқу орнының директоры мен орынбасарына үздік аттестат үшін пара алды деген айып тағылды. Арнайы қызмет өкілдерінің айтуынша, мұндай аттестат үшін ата-аналар 400 доллар (207 мың теңге) төлеген.
Мектеп сол күнге жоспарланған мерекелік шараларды тоқтатты.
Үздік аттестат алған әрбір түлек жарты сағат сынақтан өтті. Сондай-ақ арнайы қызмет үздік студенттердің білімін тексеру үшін білім бөлімінен инспекторларды шақырған.
Олардың көбі білімін дәлелдей алды. Мұғалімдер бұған қарсы шыққанымен, директор мен оқу ісі жөніндегі орынбасар ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды, қылмыстық іс қозғалды.
"Акушерге, дәрігерге, медбикеге бересің": Қазақстандықтар мемлекеттік перзентханалардың ақша бермесең қарамайтынын айтып, қызу талқылады
Әйел: “Әр қараған адамға 2 мың теңгеден екі күнге 60 мың теңге бердім”
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады