Түркі елдерінің ортақ әліпбиі бекітілді
Түркі мемлекеттері ұйымының жанынан құрылған Түркі әлемі ортақ әліпби комиссиясы 34 әріптен тұратын ортақ түркі әліпбиін бекіту туралы шешім қабылдаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі TRT телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бас кеңсесі Астанада орналасқан Түркі академиясы 9-11 қыркүйекте Әзірбайжанның астанасы Бакуде Түркі әлемі ортақ әліпби комиссиясының 3-отырысы өткенін мәлімдеді.
"Отырыстың басты мақсаты – осы салада жиналған ақпараттар мен комиссияның 2 жылдық жұмыс тәжірибесін пайдалана отырып, түркі тілдеріне ортақ әліпби жобасы бойынша жұмысты пысықтау болды. Осы жұмыстардың нәтижесінде 34 әріптен тұратын ортақ түркі әліпбиі туралы ұсыныс бойынша келісімге қол жеткізілді", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, түркі елдерінің ортақ әліпбиін жасау идеясын Түркия президенті Ердоған ұсынған еді.
Алматылықтар аптап ыстықта жылудың өшірілмей жатқанына шағымданды: Әкімдік себебін түсіндірді
Алматылық Ерғали Жақсылықов жергілікті билікке шағымданды
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі