Туристерге ескерту: Түркия жағалауларында қауіпті бактериялар анықталды
Фото: freepik.com
Түркияда демалушылардың денсаулығына елеулі қауіп төндіретін вибрион бактериялары анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Milliyet басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы Стамбулдағы Florence Nightingale ауруханасының урологы Угур Аферин жергілікті айтып берген. Оның айтуынша, Vibrio parahaemolyticus пен Vibrio vulnificus бактерияларының ДНҚ-сы Мәрмәр, Эгей және Жерорта теңіздерінің жағалауларынан табылған.
Вибриондар әсіресе адамдардың ашық жарақаты теңіз суымен жанасқанда аса қауіпті. Олар тіндердің инфекциясын тудыруы мүмкін. Кей жағдайларда бұл өліммен аяқталады.
Көп жағдайда адамдар вибриозды шикі немесе шала піскен теңіз өнімдерін, әсіресе устрицаларды жеу арқылы жұқтырады. Афериннің айтуынша, осындай жолмен жұғатын Vibrio parahaemolyticus бактериялары іштің ауыруына, құсу, диарея мен дене қызуының көтерілуіне себеп болуы мүмкін. Иммунитеті әлсіреген адамдарда бұл инфекция қанға өтіп, сепсиске айналуы ықтимал. Ал Vibrio cholerae бактериясы ластанған теңіз суын жұтқанда асқазан-ішек жолына түсіп, жұғуы мүмкін. Онымен ауырғандардың көпшілігінде белгілер жеңіл немесе орташа түрде байқалып, жұқтырғаннан кейін бір-бес күн ішінде білінеді.
"Ауру көп жағдайда ешқандай белгісіз өтеді. Аурудың ауыр түрінде науқастар қатты іш өтіп, бұл денеде су жетіспеуіне (сусыздануға) алып келіп, өміріне қауіп төндіруі мүмкін", – дейді дәрігер.
Қауіптің алдын алу үшін мамандар шикі немесе шала піскен моллюскаларды тұтынбауға, ал жарақаты немесе жаңа пирсингі бар адамдарға тұзды суда шомылмауға кеңес береді.

"Жұбайым менің тегімді алады": Жапон қызымен отау құрған қазақстандық Жапонияда сырға салып, ұзатуды онлайн өткізген
