Туристерге Бурабайдағы Жұмбақтасқа шығуға тыйым салынды: Ескертуге құлақ аспағандар айыппұл төлейді
Фото: burabaypark.qr-pib.kz
Туристерге "Бурабай" ұлттық паркінде орналасқан Жұмбақтас жартасына шығуға қатаң тыйым салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Бұл шара адам қауіптің алдын алу үшін қабылданған.
"Жұмбақтас – тек эстетикалық емес, сонымен қатар мәдени маңызға ие бірегей табиғи ескерткіш. Жартасқа шығуға қатаң тыйым салынады! Бұл – табиғатты қорғау ережелерін бұзу ғана емес, сондай-ақ адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді", – делінген ұлттық парктің Instagram-дағы парақшасында жарияланған жазбада.
Ұлттық парк әкімшілігі туристерді қабылданған шектеулерді сақтауға және Қазақстанның табиғи мұрасына ұқыппен қарауға шақырады. Сондай-ақ ережені бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны ескертілген.
Бұл мәлімдемені желі қолданушыларының көбі қолдағанын аңғардық.
"Жарайсыздар, баяғыдан-ақ тыйым салу керек еді. Енді жартастағы жазуларды жуып тастаса керемет болар еді", "Бурабай" қызметкерлері жартасты жауып, дұрыс істеді. Жарайсыздар! Енді камералар орнату керек". "Қолдауға тұратын жалғыз айыппұл осы шығар", "Енді "Бурабайға" қоқыс тастағандарға айыппұл салу керек", – деп пікір білдірген желі қолданушылары.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
