Туристер дельфинмен селфи жасаймыз деп оны өлтіріп алды (фото)
Смартфондар мен планшеттердің біз үшін көп жұмысты атқарғанына бойымыз да үйреніп қалған сияқты. Суреттегі адамдар ақыл-есінен айырылып, техникалық жабдықтарға тәуелді болып қалғандай.
Өткен аптаның соңында францискандық дельфин мен оның тұқымдасы Санта-Терезит (Буэнос-Айрес, Аргентина) курортындағы жағалауда демалып жатқан адамдардың қолына түсті. Адамдар дельфиндерді судан шығарып алып, онымен суретке түскен.
Көпшілік кішкене дельфинді қолдарына алып, оны күннің көзіне тосып тұрған. Оны олжа көріп жағалаудың ана басы мен мына басына сүйреген. Суретке түсетін оңтайлы жер іздеген сыңайлы. Нәтижесінде, дельфиндер адамдардың қолында өлген. Алайда мұны түсінбеген кей адам оны қолға алып, бәрібір де суретке түсе берген.
Дельфиндердің қалың майлы терісі бар. Ол су астында қалыпты температураны ұстауға көмектеседі. Бірақ құрлыққа шыққанда ағзалары бірден құрғайды.
Wildlife Foundation мамандары дельфинді тезірек суға жіберуге кеңес берді. Мұнымен қатар, олар Аргентина, Уругвай және Бразилияда сирек кездеседі.