"Түркияда әйел бала туған соң үйде тек өз-өзіне қарап отырады": Түрік азаматына тұрмысқа шыққан отандасымыз екі ел мәдениеті туралы

Ыстамбұл қаласына барып, оның сұлулығына ғашық болып қалған Гүлдара Үсенғалиева қазір Түркия елінде өмір сүріп жатыр. Stan.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында ол түрік халқының қонақжайлылығы қазақтікіне жетпейтінін айтады. Бірақ патриоттық сезімдері бізден асып түседі екен. Бұдан басқа отандасымыз қазақ және  түрік қыздарының айырмашылығын сөз етті. Ол жақта қыздар "нағыз ханшайым" болып ерке өссе, бізде отбасын жетелеуші ретінде бой жетеді дейді. Кейіпкеріміздің сөзінше, "Әйелдің қырық жаны бар" деген сөз тек қазақ қыздарына арналған. 

түркия қыз

- Гүлдара ханым, Түркия мемлекетінде төрт жылдан бері тұрасыз. Осы уақыт ішінде екі елдің қандай айырмашылығын байқадыңыздар?

- Жалпы Қазақстан мен Түркияны бір-біріне байланыстыратын дін және тіл. Алайда әр елдің өз кемшілігі мен жақсы тұсы бар. Түркия - алпауыт мемлекеттің бірі.  Сол себептен де оның кемшілік тұстарын көрмей жатамыз. Қазақстанды Түркиямен салыстыруға да келмейді. Қазақстан енді ғана дамып, аяққа тұрып келе жатқан мемлекет. Сондықтан қай жағынан алсақ та, Түркияға жету үшін жастар көп еңбек етуіміз керек екенін түсіндім. 

- Түрік еліне қалай келген едіңіз?

- Мен алғаш рет Түркияға магистратура оқып жүргенімде екі аптаға Анталья қаласына келген болатынмын. Кетерде Ыстамбұл қаласына да бардық. Сол кезде Сұлтан Ахмет мешітінде азан оқып жатқан еді. Соның ішінде «Мен Ыстамбұлға қайтып келем» деп ішімнен айтқан едім. Өйткені қалаға бірден ғашық болып қалдым. Әйтпесе мешіттен басқа ешқайда қыдырған жоқпын. Содан елге оралғаннан бастап Түркияға оқуға түсудің жолдарын қарастырдым. Екі жыл қатарынан "Түркия бурслары" бағдарламасына оқуға тапсырдым, бірақ түсе алмадым. Үшінші рет тапсырғанда қабылданып, Ыстамбұл қаласына оқуға келдім. Содан бері өнертану бойынша оның ішінде музыкалық білімде оқып жатырмын. 


Тағы оқыңыз


- Түрік халқы өз тіліне, дініне берік мемлекеттің бірі деп айтып жатады ғой. Сіз нені байқадыңыз?

- Түркияда халықтың патриоттық сезімі өте жоғары. Соғысқа да, жауға да бірінші тұратын мемлекет. Өз әдет-ғұрпын, өнерін, мәдениетін сақтап тұрған халық. Өз тілдерін қатты құрметтейді. Бәріне ортақ тіл – түрік тілі. Шетелдіктерге дейін түрікше сөйлеп кеткен. Біздер «Батыр халықпыз, намысшыл халықпыз» деп жатамыз ғой. Әрине, біз намысшыл халықпыз. Бірақ қолымызға найза алып, жауға дайын тұратын адам емеспіз. Өйткені 30 жылдан бері тәуелсіздігімізді алсақ та қазақ тіліне әлі шорқақпыз. Тәуелсіздік жылдан кейін туған балалар қазақ тілінде сайрап тұруы керек еді. Алайда шалақазақ болып жүрген ұрпақтарымыз көп. 

түрік қазақ
 

- Мұсылман мемлекеті ғой. Менталитетіміз ұқсай ма?

- Түріктер қонақжай халық болып көрінгенімен, барлығы ондай емес. Түркияда телехикаяларындағыдай өмір жоқ. Әрине, туристерге жол көрсетіп, бір кесе шайын беретіні рас. Бірақ не нәрсе болсын олар көбіне бірінші өз пайдаларын ойлап тұрады. Ал біз қазақтар нағыз қонақжай халықпыз ғой. Мысалы, бір түріктің үйіне қонаққа барсақ, тек бір кесе шайын ішіп қана қайтамыз. Қазағымыз болса, дастарханның үстін жайнатып, жүз адам күтіп алғандай болады. Түркиялықтар қазақ мәдениетіне қызығушылықпен қарайды. Домбыраны қатты құрметтейді. Менің жолдасым Қазақстандағы Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің домбыра факультетін бітірген. Айгүл Үлкенбаевадан білім алған, қазір Сакария қаласында музыкант. Одан бөлек қазіргі кезде қаланың әкімшілігінің жанынан домбыра бөлімін ашып жатыр. 

- Жолдасыңыз түрік азаматы екен. Қалай таныстыңыздар? Басқа ұлтқа тұрмысқа шыққанда отбасыңыз қалай қарады?

- Негізі мен кіші жүздің патриот қызымын. Осы жаққа келерде барлығы «түрікке тұрмысқа шығып кетпе» дегенде «мен тек қазақ жігітіне шығамын» деп айтатынмын. Оқуға тапсырарда өз мамандығым бойынша факультеттерді іздедім. Сол кезде бір ағайымыз жолдасымның қазақ тілінде сөйлей алатынын және өзі музыкант екенін айтып, Facebook парақшасын берді. Сөйтіп әлеуметтік желідегі парақшасына жазып өзіме қажетті ақпараттарды сұрап алдым. Одан кейін екеуміз сөйлеспедік. Кейіннен оқуға түскенімді айтып бір жазып қойдым. Біраз уақыт өткен соң күйеуіммен Түркияда 16 желтоқсанда өткен концертте кездесіп қалдық. Содан бері «ұстазым, ағай» деп араласып жүрдім. Бірақ бұл кісі маған сырттай ғашық болып жүріпті. Сөйтіп уақыт өте келе достығымыз махаббатқа ұласты. Басында тұрмысқа шығуыма үйдегілер қарсы болды. Туысқандарыма дейін «Оқып-тоқыған қызың түрікке кетіп жатыр» деп әңгіме қылды. Тіпті ағам құдалыққа келмей қойған. Содан не керек, әйтіп-бүйтіп жолдасымның маған құда түсуіне рұқсат беруге ата-анамды көндірдік. Құдалықта жолдасым қазақ тілінде сөйлеп, домбыра шертіп, ата-анамды таңқалдырды. Сөйтіп барлығының жүректерін жылытты. 

- Басқа сынаған адамдар болды ма?

- Шетел азаматына тұрмысқа шығып жатқан қазақ қыздарын естіп, желіде көріп жатырмыз. Бірақ менің жолдасым қазақ болып кеткен азамат. Қазақша таза сөйлейді, домбыраны шерткенде таңдай қақтырады. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра» деп айтады ғой. Сол себептен де маған біреу келіп «өзге ұлтқа тұрмысқа шықтың» деп айтып көрмепті. Бір қызығы, мен жолдасымды түрік ретінде қабылдамаймын. Өйткені біз үйде түрік тілінде емес, тек қазақша сөйлесеміз. Түркістан қаласында оқыған. Сондықтан да нағыз «шымкентше» сөйлейді. Негізі жолдасым таза түрік емес, ата-анасы татар ұлтынан. 

- Отбасылық құндылықтары қалай сақталған? Біздің елдегідей ажырасу мәселесі алдыңғы орында ма?

- Ер азаматтар қатты балажан. Сәби дүниеге келгеннен бастап еркек барлық жауапкершілікті өз мойынан алады. Тамағына дейін беріп, тіпті жөргегін де өздері ауыстыра береді. Егер ерлі-зайыптылар ажырасып жатса, көп жағдайда бала әкенің қолында қалады. Бірақ бұл мемлекетте ажырасу аз. Өйткені ер адам бірінші баланың жағдайын ойлайды. Сол себептен де отбасын сақтап қалуға және әйелінің жағдайын жасауға тырысады. Әрине, бұл түрік еркектері керемет дегенді білдірмейді. Олардың да арасында отбасылық құндылықты білмейтіндер кездесіп жатады. 

- Естуімше, ер адамдарының қыз балаға құрметі ерекше?

- Түрік халқы әйелге құрметпен қарайды. Мысалы, Қазақстанда ұл бала ұрпақ жалғастырушы деп соларға көп мән береміз ғой. Ал түріктер қыздарына аса қамқорлықпен қарайды. Сол себептен де бұл жақта кешкі уақытта қыздарды көшеден сирек кездестіресің. Еркектері әйелдерін қоғамдық жерлерде жалғыз жүргізбейді, жұмыс істетпейді. Бұл олардың қызғаншақтықтарынан да болу керек. Қазақстанда әйел саны ер адамдардан көп болған соң да біз еркекті жоғары бағалаймыз. Мәселен, барлық жауапкершілікті біз өзімізге алып алғанбыз. Үйдің де жұмысын істейміз, қызмет те жасаймыз, бала да туамыз. Оның сыртында күйеуіміздің тамағын тоқтап отырамыз. Ал Түркияда әйел бала туған соң тек үйде өз-өзіне қарап отырады. Оның міндетіне тек бала қарау мен күйеуіне тамақ пісіру ғана кіреді. Қазақстандағы әйелдер сияқты бір жұмыстан екінші жұмысқа жүгіріп жүрмейді. Үйде отыра берейін десе, күйеуінің бір жалақысы жетпейді. Мына жақта болса, үйдің отағасы донер жасап сатса да, даяшы болып жұмыс істесе де бір жалақымен отбасын асырай алады.

- Сіздің жолдасыңыз ше, жұмыс істеуіңізге қарсы емес пе?

- Біздің етіміз жұмыс істеуге үйреніп кеткен-ау. Өйткені бір жерде тыныш отыра алмаймын. Әйтпесе, Құдайға шүкір жағдайымыз жақсы. Жолдасым «жұмыс істемей-ақ қойсаңшы» деп айтады. Бірақ үйде бос отыра алмайды екенмін. Қазақтың қыздары барлығымыз қозғалыста жүріп үйреніп қалғанбыз. Бір қуанатыным, Түркияға келген қай қазақ қызы болсын, көздері ашық, пысық. Барлығы әдемілікке жақын, киім киюге қатты талғаммен қарайды. Жалпы түрік қыздарына қарағанда біздің қазақ қыздары ерекше екен. Мәселен, түрік қыздары өте ерке болып келеді. Сол үшін де кейде олардың мінезін түсіне алмай жатасың. Ал біздікілер қандай қиындық көрсе де еш мойымай, әруақытта бақытты болып жүреді. «Әйелдің қырық жаны бар» деп нағыз біздің қыздарға айтылғандай. 

 

Сұхбаттасқан Анар Дәукен

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның ІІМ-нің подполковнигін Ресейде өлтіріп кетті

Ер азаматқа белгісіз біреулер шабуыл жасаған

9 жасар қыз соңынан аңдыған күдікті ер адамды алдап кетті (видео)

Көптеген желі қолданушылар оқушыны тапқырлығы үшін мақтауда

Қатерлі ісікті емдеудің оңтайлы тәсілі анықталды

Олар ракқа қарсы әсер ететін жаңа рецепторларды тапқан

Бас прокуратура Бақауовтың ісіне қатысты түсініктеме берді

Бақауов екі айға қамауға алынған еді

"Мұсылман адамның қатыспағаны дұрыс": Крещение мейрамын қазақтар қалай атап өтті?

18-19 қаңтар өткен шоқыну мейрамында тек христиан дінін ұстанушылар ғана емес, сонымен қатар қазақ азаматтары да суға шомылды.

Қытайлық вирус енді Таиланд елінде табылды

Қытайға сапар шегіп келген Таиланд тұрғыны вирусты жұқтырыпты

Ми жұмысын жақсартудың оңай тәсілі анықталды

Күнделікті қабылданатын кофені жаяу серуендеумен алмастыруға болады

Зарплата 3000 долларов, очень чисто, пробок нет: Казахстанец рассказал о жизни в Китае

Қытайда індеттен көз жұмғандардың саны тоғызға жетті

Олардың барлығы ең алғаш вирус табылған аймаққа жақын жерде тұрған азаматтар екен

Жетістікке жетудің оңай тәсілдері айтылды

Тұрғындардың көбі жетістікке жетудің ең оңай тәсілі сәтті болу деп айтқан
Çàãðóçêà...