Тұрғын: Сарыағашта ақша бермесең дәрігерлер қарамайды
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық ауруханасындағы жағдай адам шошырлық сияқты. “Бұл мекеменің жазылмаған өз заңдары бар” деп, арнамызға назын айтып, аурухана емделушісімін деген тұрғын хабарласты.
Бұл туралы 31 арна жазды.
«Мен түскен кезде “палатаға орын жоқ”, – деді. Алдыңғы күні кешке түстім. Ал менен кейін келгендер палатаға орналасты. Мен ол кезде ақша беретінін білген жоқпын. Сол кезде бір келіншек айтты: ” ақша берсең жақсы қарайды”. Келіншектер жаны ашығандықтан айтып жатыр»,-дейді тұрғын.
Бес айлық баламен ауруханаға түстім деген тұрғынның сөзінше, бұл Сарыағаш аудандық ауруханасындағы қазіргі жағдай. Науқастар дәл осылай дәлізде ем алып жатырмыз дейді. Ал тілін тапқандар палатадан орын алыпты.
Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары науқастар дәлізде жатқан жоқ, бірақ шынымен де ауруханаға түсіп жатқандар саны күрт өсті деп отыр.
«Коридорда ешкім жатқан жоқ деді.Дәрігерлер травматалогия бөліміне қосымша кереуеттер қосыпты. Қазір Шымкенттің өзінде де тұмаумен ауырып жатқандар көп. Тіпті жүкті келіншектер де тұмауратып жатыр»,-дейді ОҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Сапарғалиева.
Оқи отырыңыз:
Денсаулық министрі аурулардан ақша алуға үйреткен бас дәрігерге қатысты пікір білдірді
Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы оқ тиіп ауруханаға түсті
Универсиада кезінде ауыр жарақат алған спортшылар ауруханаға тікұшақпен жеткізіледі
Атырау облысында әйел өзін ұрып ауруханадан бір-ақ шығарған келініне кешірім берді