Турбулентті аймаққа түскен ұшақ жолаушылар ғажайыптың күшімен аман қалған (фото)
Лима қаласынан Буэнос-Айреске ұшқан Avianca әуе компаниясының ұшағы турбулентті аймаққа түсіп кетіп, жолаушылары зардап шеккен.
Оқиға 4 маусым сенбі күні 7,7 шақырым биіктікте орын алған. 23 адам жарақат алып, ұшақ жерге қонған соң ауруханаға жеткізілген.
Зардап шеккендердің арасында екі бортсерік те бар.
Сондай-ақ, ұшақ салонындағы панелдер мен жолаушылардың заттары, өзге де жарақтар бүлінушілікке ұшыраған.
“Біз ғажайыптың күшімен аман қалдық” деп жазды жолаушылардың бірі.
Осы жылы мамыр айының басында осыған ұқсас жағдайға Әбу-Дабиден Джакартаға ұшып шыққан Etihad Airways әуекомпаниясының ұшағы да ұшыраған. Лайнер экстремальды турбулентты аймаққа түсіп кетіп, 30 жолаушы жараланған. Еске сала кетсек, турбулентті аймаққа тап болған сәтте ауадағы қысым мен газ өзгеріске ұшырап, заттардың бей-берекет қозғалуына алып келеді.
Талқылау