Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тунисте мигранттар мінген қайық суға батып, 61 адам көз жұмды

Тунис жағалауында африкалық мигранттар мінген қайық суға батып, 61 адам көз жұмды. Бұл туралы шенеуніктер сенбі күні жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Демалыс күндері ондаған африкалық мигрант Тунистің Керкенна аралынан Италияға жол тартқан. Оқиға 9 маусымда болды. Билік көп адамның қаза тапқанын хабарлады.

Азаматтық қорғаныс қызметінің қызметкері Морада Мехридің айтуынша, жағалау күзеті 61 адамның денесін тапқан, олардың арасында бала да бар.

 

STAN.KZ
Жексенбі, 14 Маусым, 2020 11:55
Талқылау