Тұңғыш қытай ғарышкері аспан әлеміндегі тылсым дыбыс туралы айтып берді
Тұңғыш қытай ғарышкері Ян Ливэй 2003 жылы ғарышқа ұшқан кезде галактика әлемінде тылсым құбылысқа куә болғанын айтып берді.
Фото: u-f.ru
“Бір кезде мен кенеттен пайда болған жылдам тырсылдап шыққан дыбысты естідім, ол қайтадан жоғалып кетті. Бір кезде дыбыс қайтадан шыға бастады. Мән беріп тыңдай қалдым. Ол дыбыстық ғарыш құрылғысынан шығып жатпағанын анық сездім.
Мен аздап қорқып, бұл туралы жерге хабар бердім. Иллюминатордан сол күйі нақты ештеңе байқай алмадым”, – деді Ян Ливэй.
Оннан астам тексеріс жүргізіп, техникалық қызметкерлер аталмыш дыбыс ұшу процесіне кедергі келтірмейді деп хабарлаған. Жерге оралғаннан кейін мамандар ғарыш аппаратын қарап шыққан, алайда дыбыс шығуы мүмкін қандай да бір дерек табылмаған.
Техниктар болса ғарышкердің естіген дыбысын қайталауға тырысқанымен, Ливэй оның ешқайсын ғарыштағы тылсым дауысқа ұқсата алмапты.
Оқи отырыңыз:
Жапонияда тілалғыш және ақылды балаларды қалай тәрбиелейді?
Жолаушы қыз мас жүргізушінің орнына автобус айдады
Еврейлер балаларын білімді, ақылды өзіне сенімді болуы үшін қалай тәрбиелейді