Түнгі сағат 2:00-де аспаннан вирус сеуіп жатқаны рас па: Министрлік жауап берді
Әлеуметтік желіде "түнде вирусты көшеге шашады", "ұшақпен ауру себеді екен" деген ақпараттар, аудиожазбалар таралып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері бұл хабарламалардың жалған екенін ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Қазіргі уақытта WhatsApp мессенджері мен әлеуметтік желілерде түнгі сағат 2:00 шамасында аспаннан балаларға зиянды зат шашады деген ақпарат тарап жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың жалған екенін ресми түрде хабарлайды", - дейді министрліктің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ министрлік өкілдері алып қашпа сөздерге ермеуді, тек ресми ақпарат көздерінен мәлімет алуды сұрады.
"Құрметті азаматтар, сіздерден, әлеуметтік желілерде тарап жатқан жалған ақпаратқа сенбеуді, тек ресми дереккөздерге сенім артуды сұраймыз. Барлық шынайы ақпаратты ҚР денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтынан және әлеуметтік желілердегі парақшасынан ала аласыздар", - делінген ресми хатта.
Айта кетейік, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін еске саламыз.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
