Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Саныма пышақ тықты": Түнгі клубта танысқан аруы оралдық жігітті аяусыз сабап, үйін тонап кеткен

Түнгі клубта танысқан аруы оралдық жігітті бір миллион теңгеге "отырғызып" кетті. Голливуд фильміндегі шытырман оқиға батыста қайталанды. Келтірілген деректерге қарағанда, клубта танысқан қыз екі сыбайласымен бірге оралдық азаматты тонап кеткен. Көгала қойдай сабап, үйдегі бағалы заттардың бәрін тиеп алып кетіпті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі АстанаТВ арнасына сілтеп хабарлайды. 

Өзін Маратпын деп таныстырған жас жігіт Атыраулық арумен Оралдағы түнгі клубта танысыпты. Көңілі жарасқан соң екеуі жігіттің үйіне барған. Сөйтсе сұлу қыз жалғыз емес екен. Ол пәтерге екі сыбайласын кіргізіп Маратты әбден тонаған екен.

"Үйге барайық" деп өзі айтты. Үйде шешінуге карта ойнадық. Сол кезде біреу телефон соғып алданып қалдым. Ал, ол екі сыбайласын кіргізіп үлгеріпті. Дәретханадан шыққан бетте соққыға жығылдым. Есімді жиып үлгірмедім. Біреуі қылғындырып, екіншісі саныма пышақ тықты. Телефоным мен банк карталарын сұрап, ақша талап етті. "Бәрін де алыңдар!", - деп уақыт созуға тырыстым. Әйтпесе аямайтын еді. Екеуі мені осылай азаптап жатқанда әлгі "қызым" үйді аралап, бүкіл бағалы затты жинап алды", - дейді Орал қаласының тұрғыны Марат Ахмет.

Қарақшылар үйді тонап жатқанда Марат ваннаға тығылып, есікті ішінен жауып үлгерген екен. Үш ұры сол кезде қашқан. Полиция оларды Атыраудан іздеп тапты.

"Шығын көлемі 1 миллион теңгеге жетеді. Үйдегі ноутбук, алтын әшекей сияқты бағалы заттарды олжалаған. Біз күдікті қыздың есімін ғана білдік. Дегенмен қылмыс ізі суымай ашылды. Олар Атыраудағы жалдамалы пәтерден табылды", - дейді БҚО ПД баспасөз қызметінің жетекші маманы Мөлдір Садырғалиева. 

Ұсталған күдіктілердің осыған ұқсас басқа қылмыстарға да қатысты болуы мүмкін. Былтыр бір ғана Батыс Қазақстан облысында осыған ұқсас 151 дерек тіркеліпті. Тергеу жүріп жатыр. Қылмысы дәлелденсе қарақшылар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Армандағы аруымен танысамын деп тақырға отырған жігіттің пышақ тиген аяққа-дом ем керек, оның үстіне бір құлағы дұрыс естімей қалған көрінеді.

Талқылау