Тұмаудан қорғайтын 11 тағамдық өнім
Көптеген аурулардың алдын алып, емдеуде тағамдардың атқарар рөлі ерекше. Олардың ішінде тұмау да бар.
Батыста тағамдардың тұмаумен сырқаттанғанда тигізер пайдасы жөнінде арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілді. Олардың нәтижесі мынадай.
1. Тауық сорпасы
Тұмаумен сырқаттанған кездетауық сорпасын ішуге байланысты екі зерттеу жұмысы белгілі. Олардың бірін Флоридадағы Маунт-Синай ауруханасының дәрігерлері жүргізген. Олар тауық сорпасының емдік әсерін құрамындағы екі қоспамен байланыстырады. Біріншісі – цистин аминқышқылдары. Олар –тауық етінің құрамында көп. Екіншісі – сорпаға міндетті түрде қосылатын бұрыштың құрамында кездесетін капсаицин. Оның емдік әсерін Небраска Университетіндегі медициналық орталық дәрігерлері де зерттеу жұмысынң нәтижесінде анықтады. Олардың пікірінше, тауық сорпасының құрамында иммунитетке оң ықпал ететін қоспалар бар. Одан бөлек тамақ ауруы мен жөтелді басатын, адамның хал-ахуалын жақсартатын заттар да кездеседі. Ғылымдар мына заттардан тауық сорпасын жасауға кеңес береді: тауық еті, пияз, картоп, шалқан, ботташық, балдыркөк пен ақжелкен. Сонымен қатар олар сорпаға тұз қоспауға болатынын айтады. Шымыен де тұзды тағам тұмау белгілерінің күшеюіне алып келеді.
Және де сорпаны ыстық күйінде ұсынғаныңыз абзал. Ауқаттанбастан бұрын, сорпаның буымен тыныстаған жөн. Ол емдік әсерін арттырады.
2. Сарымсақ
«Тұмауратқан кезде сарымсақтың пайдасы мол екенін бәрі біледі. Ол рас. Бірақ барлығы оны емдік мақсатта дұрыс қолдануды білмейді. Алдымен сарымсақты дұрыс дайындай білу қажет: сарымсақ тісшелерін ұсақтап турап, ауамен әсерлесуі үшін біраз уақытқа қалдыру керек. Оттегінің әсерінен ұсақталған сарымсақ жасушаларында белсендірілмеген аллин затын күшті аллицинге айналдыратын ферменттер белсендіріледі. Ол заттардың жиналуы үшін 15 минут жеткілікті. Аллицин құрамында күкірт бар. Ол күшті фармацевтикалық әсерге ие.Аллицин жүрек пен қан тамырларды қорғап, қан қысымын түсіріп, қатерлі ісікке қарсы әсер көрсетеді. Және ол тұмау мен суық тиюде көмектеседі. Иммунитетті нығайтып, микробқа және вирусқа қарсы әсер етеді. Сарымсақтың шикі күйінде пайдасы мол. Оны салат, бутербродтарға қосып, нанға жағып жеуге болады», – дейді мәскеулік емханалардың бірінде қызмет ететін дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Константин Спахов.
3. Пияз
Пияз бен сарымсақтың ұқсастығы көп. Оның медициналық қасиеттері күкірт қосылыстарымен байланысты. Пиязды турап, ауада қылдырып қойсаңыз, олар да белсендіріледі. Сонымен қатар пияз құрамында пайдалы флаваноидтар бар. Ал қызыл немесе күлгін пиязда олардың мөлшері көбірек. Сондықтан тұмауратқан кезде пиязды көп жегеніңіз абзал. Ол – шикі күйінде пайдалы. Пісірген не қуырғанда көптеген маңызды қоспалары ыдырайды. Бірақ мына әдісті де қолданып көруіңізге болады: пиязды дөңгелктеп турап, ыстық суда жарты минут ұстап, артынша бірден суық су құйыңыз. Оны салаттар мен тұздықтарға қолдана аласыз.
4. Қыздырғыш ішімдіктер
Олардың ең танымалы — глинтвейн. Ол басқа сусындарға қарағанда анағұрлым күшті. Глинтвейн және сол тәрізді сусындар құрамында дәмдеуіштер, цитрус тектестер бар. Көбіне оларды қалампыр, зімбір, даршын, қара бұрыш, жұпар жаңғағы және тағы басқалармен жасайды. Мұндай қоспаларда көптеген пайдалы антиоксиданттар мен эфир майлы заттар бар. Соңғысын тұмауды емдеуге арналған бірақатар дәрі-дәрмектер жасауда пайдаланады. Глинтвейн ішпес бұрын, онымен тамағыңызды булаңыз. Яғни ыстық сусын буымен демалыңыз.
Дайын глинтвейн мен оны жасауға арналған қосапаларды сатып алмаңыз. Оларға көбіне түрлі хош иістендіргіштер қосады. Нәтижесінде сусынның емдік қасиеті төмендейді. Глинтвейн және басқа да қыздырғыш сусындар жасау үшін қымбат шарап сатып алмаңыз. Кәдімгі жартылай қышқыл, тәтті не күшейтілген түрлерін алыңыз. Ал тәттілендіру үшін қант, бал қолданыңыз. Себебі қыздырған кезде шарап пен күшті алкогольді ішімдіктің дәмі бірден төмендейді. Ең жақсы иістері бумен ұшып кетеді. Десе де оның күнделікті ішуге арналмаған қыздырғыш сусын екенін ұмытпағайсыз.
5. Майлы балық
Балық, әсіресе, майлы түрі тұмауға қарсы әрі қорғайтын тамаша әсер береді. Онда қан тамырларға ғана емес, жүрек пен ми, иммунитет үшін пайдалы Омега-3 қышқылдары көп мөлшерде кездеседі. Сондықтан тұмау уақытында аптасына 2-3 рет балық күнін ұйымдастырып тұрыңыз. Ақсерке, арқан балық сынды қымбат түрлеріне жүгірудің қажеті жоқ. Арзан тұратын майшабақ, сайра, скумбрия балықтарында да көп май бар. Бұл балықтардың тұздалмаған, консервіленген түрлерін емес, мұздатылған түрін сатып алыңыз.
6. Йогурт пен айран
Кей йогурттардың тұмаудан емделуге көмектесетінін жарнамалар арқылы білеміз. Бірақ тек бұл сусын ғана емес, айран, қатық, ұйыған сүт сынды ашытылған сүт өнімдері де аталған қасиетке ие. Олардың құрамында ішек жолдарында қызмет ететін, тек ас қорыту жүйесін ғана емес, барлық организмді қорғайтын пайдалы бактериялар бар. Бұл микрофлора – жалпы иммунитеттің нығайуы үшін аса маңызды. «Био» қосымшасы бар өнімдерге сүтті ашытатын кәдімгі бактериялардан бөлек, пробиотиктер қосылады.
7. Құрғақ қызыл шарап
Испанияның 5 университеті ғалымдардың біріккен зерттеу жұмысының нәтижесінде келесі мәлімет беріледі: күнделікті табиғи қызыл шараптың 2 бокалын ішу тұмаудың даму мүмкіндігін 44%-ға азайтады. Шарап құрамында сыра мен күшті алкогольді ішімдікте кездеспейтін не бар? Бұл ішімдіктер тұмаудан қорғамайды. Ал мәселенің бәрі антиоксиданттарда жатыр. Олардың қызыл шарап құрамындағы мөлшері бірегей. Сусынның басқа да пайдалы қасиеттерін осы себебімен байланыстырады. Дәрілерге қарағанда шарапты көп мөлшерде ішіп қоюға болатындықтан, өзіңізге есеп бере біліңіз. Емдік және аурудың алдын алуға көмектесетін мөлшері – 150 мл-ден 2-3 бокал шарап. Мөлшерін мұнан арттырған уақытта пайдалы әсері жоғалып, жанама әсер беруі мүмкін. Қызыл шарапты аш қарынға емес, тамақтанған кезде ішкен жөн. Шараптың тұмауға қарсы әсерін еркектер жүргізілген тәжірибе арқылы анықтаған. Ал әйелдерге көмектесе ме? Жауабы – иә. Бірақ әйелдер аталған мөлшерді екіге бөлуі тиіс. Әйелдерге құрғақ қызыл шараптың күніне 1 бокалдан артық мөлшерін ішуге болмайды.
8. Устрица
Цинктің тәуліктің мөлшерін небары 6 устрица бере алады. Ол басқа да теңіз өнімдерінде көп мөлшерде кездеседі. Тұмау уақытында кемінде аптасына бір рет қолдану керек.
9. Бүтін дәннен жасалған нан
Егер ұн ұсақталған бүтін дәннен болса, ондағы цинк көп мөлшерде кездеседі. Себебі ол дән қауызының құрамында бар. Жоғары сұрыпты немесе қабығы алынған дәннен тартылған ұнда цинк жоқ деуге болады. Себебі олар өндірілген кезде қауызы алынып тасталады.
10.Ет, құс еті
Ауа райы бұзылып, айналаңыздағы адамдар түшкіріп, жөтеле бастағанда, вегетариан болуға тырыспаңыз.
Қой еті — 100 грамм мөлшерінде цинктің тәуліктік нормасының 58%-ы бар.
Сиыр еті (майсыз) — 100 грамм мөлшерінде тәуліктік норманың 70%-ы бар.
Бұзау бауыры — 100 грамм мөлшеріде тәуліктік норманың 80%-ы бар.
11. Бидай өскіні
Нан жемейтін адамдарға арналған цинк көзі. 100 грамм бидай өскінінде цинктің тәуліктік нормасының 100%-ы бар.