Алдағы күндері күн жылынып, -40 градусқа дейін қайта суытады

Қазақстанда синоптиктер алдағы күндердің ауа райы болжамын жасады.

Казгидромет мәліметінше, 31 қаңтар мен 2 ақпанда Өзбекстаннан келетін оңтүстік циклон алдағы күндері орталық өңірге ауысады.

Қазақстанның оңтүстік-шығысында, шығыста, орталық, солтүстік өңірде ауа температурасы көтеріледі.

“Күн жылынғанымен қар жауып, боран соғады. Бет қаратпас жел соғады деп болжанды. Оңтүстік-шығыста құрғақ қар жауып, тұман түседі, жер беті көктайғақ болады. ”

Қара теңізден бастау алатын суық антициклонның күшімен суық ауа ағыны келеді. Сондықтан күн жылынғанымен артынша суыта бастайды. Орталық, солтүстік және шығыс аймақтарында түнгі температура минус 35 … 40 градусқа дейін төмендейді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр