Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тест тапсыруға уақыт көбірек бөлінеді: 2020 жылы ҰБТ қалай өтеді

Ата-аналарға балаларын Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пункттерінде күтуге тыйым салынады. Бұл туралы үкімет отырысында ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҰБТ

"Ата-аналарға және түлектерді алып жүруші басқа тұлғаларға балаларды ҰБТ өткізу пункттерінде күтуге тыйым салынады. Ата-аналарға ҰБТ өту барысын сол жерге келмей-ақ үйінде отырып көру үшін онлайн көрсетілімді ұйымдастырамыз. ҰБТ өткізу пункттері тосқауыл таспаларымен жабдықталады. ҰБТ өткізу пункттеріне кіру тәртібінде тестілеушілердің арасында 2 метр қашықтықтың сақталуы қамтамасыз етіледі. Бұл 2 метр арақашықтық ҰБТ тапсыратын аудитория ішінде де сақталады", - деді министр.

Коронавирустың таралу қаупін азайтуға арналған қосымша тағы 5 сақтық шарасы қолданылады.

"Біріншіден - тест тапсырушыларды заласыздандыру туннельдерінен өткізу. Екіншіден - аяқ киімдерді арнайы заласыздандыру кілемшелерімен өңдеу. Үшінші - еденді санитайзерлермен заласыздандыру. Төртінші - әр талапкердің дене қызуын өлшеу. Бесінші - бір жолғы қолданылатын жаңа маскалар беру. Жалпы, бас санитарлық дәрігермен келісілген қатаң санитарлық талаптар барлық жерде сақталатын болады", - деді Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар, Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру мерзімі ұзартылды. Бұл туралы үкіметтегі отырыста Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

Бітірушілер бұрын қабылданған 3 сағат 50 минуттың орнына 4 сағат тапсырады.

Биыл тестілеу форматы өзгерген жоқ - түлектер бес пән бойынша тест тапсырады: үш міндетті, екеуі міндетті емес, деп еске салды министр.

"Биыл біз бірқатар жаңалықтарды ұсындық. Атап айтқанда, ҰБТ-ға кірген кезде Face ID-ді тану жүйесі алғаш рет қолданылады. Қағаз сертификаттарының орнына электронды сертификаттар берілетін болады, сонымен бірге біз білім беру грантын тағайындау кезінде электронды сертификат енгіздік", - деді Асхат Аймағамбетов. Министрдің айтуынша, халықаралық тестілеуді ҰБТ-ға тапсырудың ауқымы да белгіленген. Сондықтан халықаралық сертификаты бар адамдар ҰБТ-дан босатылады және ұпайларды беру арқылы білім грантын тағайындау конкурсына қатыса алады. "Педагогикалық мамандықтарға қабылдау талаптары күшейтілді. Осыған байланысты Елбасының тапсырмасы бар. Мәселен, егер біз былтыр педагогикалық мамандықтар бойынша шекті баллды 50-ден 60-қа көтерсек, биыл ол 70 баллға дейін өсті", - деп толықтырды Асхат Аймағамбетов.

Естеріңізге салсақ, биыл қазақстандық түлектер ҰБТ-ны 20 маусым мен 5 шілде аралығында тапсырады. Тестке қатысуға 130 мыңнан астам адам өтініш берді.

Талқылау