Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Туыстар арасындағы неке: Өзбекстанда балалардан онға жуық гендік мутация табылды

Туыстар арасындағы неке: Өзбекстанда балалардан онға жуық гендік мутация табылды

Фото: Ru.freepik.com

Өзбекстанда Алдыңғы қатарлы технологиялар орталығының ғалымдары алғаш рет ел тұрғындарының гендерін терең зерттеп, әлемде бұрын белгісіз болған ондаған жаңа гендік мутацияларды анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігінің мәліметінше, зерттеуге қатысқан әр екінші балада генетикалық мутация бар. Кейбір балаларда бірнеше тұқым қуалайтын аурудың белгілері бір уақытта байқалған. Балалардың 86%-ы кем дегенде бір “бұзылған” геннің тасымалдаушысы болып шықты. Бұл көрсеткіш халықаралық нормадан екі есе жоғары. Ғалымдардың пікірінше, бұған елдің кейбір өңірлерінде туыстар арасындағы некелердің көп болуы себеп.

Зерттеушілер генетикалық мутациялар тек сирек тұқым қуалайтын аурулардың ғана емес, сонымен қатар диабет, жүрек-қан тамырлары аурулары, онкологиялық процестер сияқты кең таралған дерттердің даму қаупін арттырады деп санайды.

“Біз алғаш рет халқымыздың гендерінің нақты көрінісін көріп отырмыз. Егер балалардың басым бөлігінде жасырын тұқым қуалайтын мутациялар болса, алдын алу мен генетикалық кеңес беру жүйесінсіз бұл процесті тоқтату мүмкін емес. Сондықтан некеге дейінгі жұптарды скринингтен өткізу бағдарламаларын енгізу өте маңызды”, – деді Алдыңғы қатарлы технологиялар орталығының директоры және “Өзбекстанның 1000 геномы” жобасының жетекшісі Шахло Турдикулова.

Министрліктің мәліметінше, өзбек ғалымдары жинаған ақпарат халықаралық деректер базасына енгізілген.

Айым Болатқызы
Жұма, 24 Қазан, 2025 08:27
Талқылау