AAPL
133.98 $
1.27 %
TSLA
623.71 $
0.46 %
NDAQ
178.7 $
-0.04 %
GOOGL
2446.61 $
0.43 %
FB
339.03 $
2.03 %
FRHC
61.35 $
-0.54 %
AAPL
133.98 $
1.27 %
TSLA
623.71 $
0.46 %
NDAQ
178.7 $
-0.04 %
GOOGL
2446.61 $
0.43 %
FB
339.03 $
2.03 %
FRHC
61.35 $
-0.54 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Туындымның мазмұнын көбіне түсімде көремін": Қызылордалық ертегіші қыз жаңа кітабын шығаруға қаражат таппай жүр

Қызылордалық Алтынай Берік бала кезінен ертегі жазумен айналысады. 9-сынып оқушысының осы уақытқа дейін екі кітабы жарық көрген. Қызықты ертегілер жинағы көпшілік оқырманның оң бағасын да алып үлгерген. Қазір жеткіншек шығармашылықпен айналысуды қолға алған. Жаңа кітапқа енетін ертегілері мен өлеңдері дайын. Алайда Алтынай жаңа туындысының қашан шығатынын нақты айта алмайды. Өйткені қаражат мәселесі шешілмей отыр. Өнерлі жаспен Stan.kz тілшісі  сұхбаттасқан еді. 

- Алтынай, қай уақыттан бері ертегі жазумен айналысасың? Не себепті саған шығармашылықпен айналысқан ұнайды?

- Маған шығармашылықпен айналысқан өте қатты ұнайды. Өз ойыңды, өмірге деген көзқарасыңды білдіруге болады. Жан-дүниеннің көрінісін анық аңғарта аламын. Жалпы, мен 7 жасымнан бастап ертегі жаза бастадым. Бұл жолда маған әжем көп көмектеседі. Ол кісі менің алғашқы туындыларымды көзінің қарашығындай сақтап, жинап жүретін. Кейде туысқандарымызға оқып, мақтанатын. Туындымның мазмұнын көбіне түсімде көремін. Төсегімнің жанына дәптер мен қалам қойып қоямын. Кейде түнде ұйқымнан оянып кетіп, жаңа идеяны қағаз бетіне түсіруім де мүмкін. Менің ертегілерімнің негізгі кейіпкерлері - жануарлар. Көбіне достық, Отан, ана тақырыбында жазғанды жөн көремін. 

- Осы уақытқа дейін жарық көрген кітаптарың туралы айтып берсең...

- Менің алғашқы "Ертегілер" атты жинағым 2018 жылы жарық көрді. Маған сол кездегі облыс әкімі Қырымбек Көшербаев үлкен қолдау көрсеткен еді. Менің шығармаларым ол кісінің көңілінен шықты. Кейін демеушілердің көмегімен кітабым баспаханада басылды. Әрбір беттің әрлеуіне өзім қатыстым. Ең бірінші рет қолыма кітабым тигенде ерекше қуанғаным есімде. Екінші кітабым Қызылорданың 200 жылдық мерейтойы қарсаңында жарық көрді. Оқырмандарым - кішкентай бүлдіршіндер. Балаларға менің ертегілерім ұнайды. Үлкен аға-әпкелерім де кітабыма оң бағаларын беріп, ыстық ықыластарын білдіреді. Бүгінде менің жинақтарымды кез келген мектеп пен балабақшадан кездестіруге болады. Мұғалімдер өз сабақтарында менің шығармаларымда кеңінен пайдаланады екен. Бұл мен үшін үлкен қуаныш. Кішкене болса да, қоғамға өзімнің пайдамды тигізгім келеді.

- Ертегі жазудан бөлек, тағы немен айналысасың? Сабақ үлгерімін қандай?

- Ертегі жазғаннан бөлек, сурет салған қатты ұнайды. Түрлі-түсті бояуларды көп пайдаланамын. Жарық көрген екі кітабымның да суреттерін өзім салған едім. Жасы кіші оқырмандар көбіне әдемі суреттерді тамашалағанды ұнатады ғой. Сол себепті жинақтарыма суреттерді көбірек енгізгенді жөн көрдім. Мұнан бөлек, өлең шығарған ұнайды. Кішкентай кезімде төрт шумақты тақпақтарды шығарсам, қазір ауқымды дүниелер жазып жүрмін. Көптеген жарыстарда менің өлеңдерім жүлделі орындардан көрініп жүр. 

Негізі шығармашылықпен айналысу оқуыма мүлдем зиянын тигізбейді. Мектепте озат оқушылардың бірімін. Көптеген олимпиадаларға, білім бәйгелеріне қатысамын. Ұстаздарымның үмітін ақтауға тырысып жүрмін. Көбіне маған гуманитарлық пәндер ұнайды. Қазақ әдебиетін және тарихты көп оқимын. Абай және Қадыр Мырза Әлі шығармалары көңілімнен шығады. 

- Алтынай, отбасың туралы айтып берсең?

- Мен көп балалы отбасында дүниеге келгенмін. Ата-анам - қарапайым кісілер. Жеті баламыз. Ең қызығы бауырларым шығармашылыққа мүлдем қызықпайды. Мұндай кішігірім "талант" менде ғана бар. 

- Алтынай сенің денсаулығыңа қатысты мәселелер бар екенін білеміз. Қазір жағдайың қалай?

- Бұл менің ең үлкен уайымым. Сіңілім екеуміздің диагнозымыз - генетикалық Марфан синдромы. Яғни, қанымыздың құрамы дұрыс емес. Өкінішке орай, шетелде де ешқандай емі жоқ. Қазір қосымша анализдер тапсыру керек болып тұр. Алайда оның бағасы 600 мың теңгеден асады. Менің отбасымның мұндай мүмкіндігі жоқ. Ауруым жаныма қатты батады. Бізге мүгедектік алу үшін, ағзаларымыздың бірі жұмыс жасамай қалу керек екен. Бұл тығырықтан қалай шығатынымызды білмейміз. Менің ең үлкен арманым - осы дертті жеңу, сіңіліме жәрдем беру. Мен де осы жарық дүниеде өмір сүргім келеді. Өмірім ертегідей ғажап әрі әдемі болғанын қалаймын. 

- Бұл жағдайда үшінші кітабыңның жарық көру мерзімін сұраудың өзі артық шығар?

- Иә. Үшінші кітабыма енетін шығармаларым қазір толық дайын. Алайда оған қажетті қаражат менің отбасымда жоқ. Бұрынғы қала әкімі көмектесуге уәде берген еді. Дегенмен ол кісінің қызметі ауысып кетті. Артымнан ең болмағанда өшпес із қалғанын қалаймын. Әр күнім күрес болып тұр. Менің жанайқайымды еститін құлақ табылмай отыр. Ендігі үмітім жаны жомарт жандарда екенін жасырмаймын. 

- Алтынай, саған тек сәттілік тілеймін. Сұхбатыңа рахмет.  

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр