Ақмола облысында туғанынан мүгедек 7 жасар баланың отбасы көмек сұрайды

Туылғаннан мүгедек болып қалған жеті жасар Арслан Кузбаевтың отбасы көмек сұрайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Арслан туу кезіндегі қателіктердің нәтижесінде сал ауруына шалдыққан. Қазір ол көкшетауда пәтер жалдап тұрады. Арслан Кузбаевтың анасы Гүлмира Күзбаева екі бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана. 

Мемлекет жылына бір рет Арсланның еміне квота бөледі. Алайда, бұл ем бала үшін жеткіліксіз. 

Туыла салып сал ауруына шалдыққан Арслан өз бетімен жүріп-тұра алмайды. Жеті жыл бойы бала төсекке таңылған. Арслан жыл сайын арнайы ем алып тұрады. Бұл ем оны дертінен толық айықтырмағанымен, жүріп-тұруына, өз бетімен тамақ ішуіне септігін тигізбек.

Алматыдағы клиникада ем алса, бала өз бетімен қозғала алуы әбден мүмкін. Өйткені бұл емханадағы емнен кейін баланың жағдайы едәуір жақсарған. Алайда бұл әлі жеткіліксіз көрінеді. 

"Реабилитацияны көтерудің өзі Арсланға қиын. Емді ол қатты ауырсынады. Қазіргі таңда ол үйде ем алып жатыр. Алайда, төрт айдың ішінде қажетті сомманы жинап, оны Алматыдағы ауруханаға апарып емдеткіміз келеді. Нәтиже болады деген үміттеміз. Бұл емнен кейін Арслан өз бетімен тамақ іше алады деп ойлаймыз", - дейді Арсланның туыстары. 

Арсланға көмектескіңіз келсе: 

Kaspi: 4400 4301 8913 1268

ИИН: 850129450714

Анасының телефоны: 87026017185

Кузбаева Гүлмира

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр