Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Туғаннан екі көзі көрмейтін 20 жастағы қазақ жігітінің тағдыры елді жылатты

Қытай қазағы 19 жастағы Нұрдана Арғынұлы бір жыл бұрын атамекені Қазақстанға оралды. Елімді көрсем деген арманына жетті. Туғаннан әлемнің жарығын көрмесе де, көкірегі ояу. Әр түрлі ән айтып, түрлі аспапты ойнайды.

Нұрдана Арғынұлы отбасы мүшелері мен ағайын-туыстарымен бірге “Қаракет” бағдардамасында қонақта болды.

Ата-анасы Нұрдананың көзі көрмейтінін тәй-тәйлап жүре бастағанда ғана білген. Әр жерге соғылып жүргенін көргенде ғана күмәндана бастап, дәрігерге қаратқан. Дәрігерлер екі көзінің мүлде көрмейтінін айтыпты. Ал, ота жасауға келмейді. Көзінің жанары сау болғанымен, тамыры жұқа деп кесіп айтқан.

“Мені анаңа ұқсаған сары жігіт екенсің дейді. Сары деген қандай түс деп сұрайды. Қара деген қандай деп сұрайды. Сондай кездерде не дерімді білмей қиналам. Қараңғыда басымды соғып алып, әлдене таппай қалсам да, Нұрданам өмір бойы қараңғылықта отыр деп көңілім босайды”, – деді анасы Нұргүл Ысқақ.

Нұрдана отбасының тұңғышы. Екі қарындасы мен інісі бар. Бүгінде Қазақстанда тұрып жатыр.

Екі қарындасы бағдарламада ағасы жайлы айта бастағаннан, көзіне жас алды.

Нұрдана бала күнінен радио тыңдап, әуенге елітіп өскен. Өз бетінше домыра үйреніп, гитара, қобыз, сырнай секілді көптеген аспаптарда ойнайды. Домбыраны алдына қойып тартады. Дәл осы өнері көпшілікті тәнті етті. Домбыраны солақай да тартады. Ал, бұрауы оңға текшелсе, бұрауын бұзбай оңқай да тарта беретінін айтты.

Нұрдана Қытайдағы қазақтар арасына танылып үлгерген. Көптеген жарыстарға, арна шоуларына қатысып, жеңімпаз атанған.

“Менің үлкен арманым ата-анамның, бауырларымның, барлық адамдардың дидарын көру. Әлемді көру. Алланың осындай өнер бергеніне шүкір деймін. Ән айтқанды, билегенді жақсы көрем. Жақындарым мені үнемі қолдайды. Адамның қандай екенін ішкі түйсігіммен білем. Қыздың да сұлу, сұлу емес екенін түйсігіммен сезе алам”, – дейді Дана.

Ол жазу-сызуды білмейді. Сәби күнінен үйде өскен. Сөз саптауына қарап, сөз қадіретін түсінетін, көкігһрегі ояу, өнерлі жан екені бірден байқауға болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр