Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Туған қызын зорлаған: Сот Байқоңырдағы атышулы педофилге үкім шығарды

Байқоңыр қаласында өзінің кішкентай қызын зорлады деген күдікпен ұсталған азаматқа сот үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

БҚО-да ауыл тұрғыны 13 жастағы баланы зорлады деп күдіктелді

Қылмыс қала тұрғындарының арасында үлкен қоғамдық резонанс тудырды.

Тергеу әрекеттерін Ресей және Қазақстан құқық қорғау органдары жүзеге асырды, дәлелдемелер жинау жедел аяқталды. Іс сотқа берілді.

"Айыпталушы қылмыс орнында ұсталғанына қарамастан, сот отырысында жәбірленушінің анасы бастапқы айғақтарын толығымен өзгертіп,  бұрынғы отағасын жауапкершіліктен аластатуға тырысты", - деді Байқоңыр қаласының прокуратурасында.

Айта кетейік, қылмыс жасалғанға дейін ерлі-зайыптылар ажырасқан еді.

Жалпы, сот процессі бір жылға созылды.

"Қызылорда облысының мамандандырылған сотының судьясы күрделі сот процесі барысында ұсынылған барлық дәлелдемелерді мұқият және объективті зерделеді, тараптардың айыптау үкімін шығаруға негіз болған дәлелдерін тыңдады. Педофилге ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді", - деп хабарлады Байқоңыр қаласының прокуратурасында.

Еске салайық, оқиға 2019 жылы 16 тамызда кешкілік уақытта болған. 33 жастағы жергілікті тұрғын Байқоңырдағы Королев даңғылындағы аялдамада мас күйінде өзінің бес жасар қызына қарсы жыныстық қатынас жасаған.

Ер адамның қылмыстық әрекеттерін қылмысқа кездейсоқ куәлар тоқтатқан.

STAN.KZ
Сейсенбі, 10 Қараша, 2020 21:06
Талқылау